Государственное учреждение средняя школа № 35

Объявления

Хаттама №4

10 октября 2019

Хаттама №4

«№ 35 орта мектеп» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

Күні: 19.05.2018
Қатысқандар:.мектеп директоры- Ержан Б.Д
ДТІЖО- Сұлтанова Б.Ж.

Қамқоршылық кеңес мүшелері
Оварченко-Ишмуханбетова А- кеңес төрайымы
Успанова Э- кеңес төрайымының орынбасары
Жумагалиева Б.-кеңес отырысның хатшысы
Медетов А. – Қамқоршылық кеңестің мүшесі
Герман А- Қамақоршылық кеңестің мүшесі
Кучербаева Л- қамқорщылық кеңестің мүшесі
Кретова Л- қамқоршылық кеңестің мүшесі
Павленко Е- қамқоршылық кеңестің мүшесі
Бекбергенова Б- қамқоршылық кеңестің мүшесі
Панова Г- қамқоршылық кенестің мүшесі
Алтынбаева Э- қамқоршылық кенестің мүшесі

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.Мектеп ғимаратында өрт қаупі туындаған кезде жедел шығу жолдары (эвакуация).
Хабарламашы- Биканова С. (мектеп директорының ШЖЖ орынбасары).
2.«Жыл табысы» республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері.
3. Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері.

Тыңдалды:
Мекемедегі өрт-техникалық қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселесі бойынша жауапты маман Бисеналин М.М.
2018 жылғы РФ Кемерово облысында болған ауыр жағдайға тоқталды. Өрт-техникалық қауіпсіздігінің салдарынан қаза болғандар туралы хабарланды. Сонымен қатар бүгінгі қаралатын мәселе мектеп ғиамаратындағы өрт қауіпсіздігі жағдайындағы жедел шығу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы екенін айтып өтті. Мекеме бойынша өрт-техникалық қауіпсіздігі курсынан өткен 7 адам, оның 3-і мектеп күзетшілері, қалған 4 адам мектеп әкімшілігінен. Мектеп мұғалімдері жылына 2 рет өрт-техникалық қауіпсіздігі бойынша курстан өтеді. Мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулықпен таныстырылады. 1кезең жыл сайын тамыз айында, 2- рет қаңтар айында нұсқаулықтар беріліп,танысқандығы туралы хаттамаға қол қойдырылады. Ал мектеп оқушылары арасында класс жетекшілері өрт қауіпсіздігі туралы арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастырады. Жедел шығу жаттығулары жыл сайын 1-наурызда ұйымдастырылады.

Сонымен қатар ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлескен түрде барлық шығу жолдар көрсетіліп, таныстырылды.
Шығып сөйлеушілер:
Овчаренко – Ишмуханбетова — Мектеп әкімшілігінің мұндай шара ұйымдастырып, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірлескен жұмыс жүргізіп жатқанына қуаныштымын. Біздер мектептің, шеберхананың орналасуы мен жедел шығу есіктерінің, 4 есіктің де қалыпты жағдайда және өрт қауіпсіздігі сигнализациясының жұмысымен таныстық. Барлығы қалыпты жағдайда.
Қаулы қабылдады:
1.Мектептің барлық кластарында жедел шығу жұмыстары бойынша оқу-жаттығу жылына 2 рет ұйымдастырылсын. 1-кезең қыркүйек айында, 2 рет наурызда.
2.Ата-аналар жиналысында өрт қауіпсіздігіне байланысты дәрістер оқылып, ата-аналарға таныстырылсын.
2. 2-сұрақ бойынша мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Бралова сөз алды. Ол өз сөзінде Қазақстан бастауыш білім беруді қамту бойынша әлемнің 137 елі арасында 4-орын алғандығын, «Адами даму индексі» рейтингінде Қазақстан 188 мемлекеттің ішінен 56-орынды иеленгендігін айтты. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 90,5% құраған. Беделді халықаралық олипиадалардың қорытындысы бойынша мектеп оқушылары арасындағы Қазақстанның құрама командасы әлемде 10-орынды алғаны туралы айтты.
2017 жылы қазақстандық мектеп оқушыларымен 661 награда, оның ішінде 125 алтын медаль, 197 күміс, 327 қола, 12 құрмет грамотасын жеңіп алғаны туралы айтып кетті. 51 шетелдік ЖОО-мен бірлесіп, 50 ЖОО –да қос дипломды білім беру бағдарламары бойынша оқыту жүргізіліп жатқандығын да айтты. Сонымен қатар мектептегі оқушылардың жетістіктеріне де тоқталды. Жыл басынан бері мектеп оқушыларды әртүрлі республикалық, халықаралық, облыстық, қалалық дәрежедегі түрлі байқауларға, конкурстарға да қатысты. Ол байқаулардың барлығынан оқушылар жүлделі орындар, дипломдар, алғыс хаттар иеленді.
3. Мектеп директоры ата – аналарды жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ
Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.
Суық суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін.
Бұлшық еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.
Егер тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және саусақтарын түзеңіз. Егер тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе, онда оны қолдың көмегімен істеп көріңіз. Бұлшық еттерді уқалаңыз. Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз. Егер тартылулар тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз.Суда көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін.Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз..
Отты жер — қуатты жер. Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:
-Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
-Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
-Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
— Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.
Ата- аналар назарына!
Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері

1.Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;
2.Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстаулары керек;
3.Өрт, су, жағажайға жалғыз бармау, тоғайға жалғыз бармау, техника, еңбек, дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздікті және жолда жүру ережелерін сақтау керек;
4.Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды;
5.Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе бөгде техникаға отыруға болмайды;
6.Басқа жаққа қыдырып кеткен жағдайда мектеп әкімшілігіне не сынып жетекшіге хабарлау керек;

Төрайым қолы аты-жөні: Овчаренко-Ишмуханбетова А.

Хатшы қолы аты-жөні: Жумагалиева Б.